Жаңалықтар

📚«ҰСТАЗ – ҰЛТ ШАМШЫРАҒЫ!»📚
Асқар Өтепбергенов атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2025 жылдың 3 қазан күні Ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
Білім мен мейірімнің, сабыр мен жауапкершіліктің символына айналған ұлағатты ұстаздарға құрмет көрсетілді.
Оқушылар ұстаздарына арнап жүрекжарды өлеңдерін оқып, ән мен би тартуларын ұсынды.
Бұл күн – шәкірт жүрегінде мәңгі сақталатын ерекше мереке.
Барлық ұстаздарымызға мықты денсаулық, сарқылмас шабыт, шәкірт қуанышына толы бақытты өмір тілейміз!
https://www.facebook.com/share/r/16XRm2BJbQ/?mibextid=wwXIfr
Құқық бұзушылықтың алдын-алу басты міндет.
«А.Өтепбергенов атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ де «Құқық бұзушылықтың алдын-алу» тақырыбында балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуге Маңғыстау аудандық білім бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі әдіскері Қосуақова Майра, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспектор полиция лейтенанты Қыдырқызы Асылтас және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспектор полиция майоры Базаргалиева Дана келіп, 9-11 сынып аралығында профилактикалық әңгіме жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында:
— Жалпы қауіпсіздік ережелері (жолда жүру, көлік жүргізу т.б)
— Түнгі көше қозғалысы
— Зорлық зомбылықтың алдын-алу(буллинг, әлімжеттік мәселелері,т.б)
— Ұсақ құқық бұзушылықтын түрлері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
https://www.facebook.com/share/v/15qy28ADLx/?mibextid=wwXIfr
✨ 1 қыркүйек – Білім күні! ✨
🔰2025-2026 жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауы соғылып, «📖 Мектебім – мейірім мекені» атты салтанатты іс-шара мен сынып сағаттары өткізілді.
Ауыл әкімі Бекмурзин Махамбет және мектеп директоры Тянова Гүлназ құттықтау сөз сөйлеп, ұстаздарға қажырлы еңбек пен табыс, оқушыларға білім биігін бағындыру жолында сәттілік тілеп,еңбектің жемісі мен жеңісін иеленген ұстаздар мен оқушыларды алғыс хатпен марапаттады.
Бүлдіршіндер алғаш рет алтын ұя мектебінің табалдырығын аттап, үлкен өмірге қадам басты. Оқушылар жаңа арман-мұраттармен, тың серпінмен оқу жылын бастады.
📚 Бұл күн – барша білім алушыға, ұстаздар мен ата-аналарға ортақ мерейлі мереке.
Жаңа оқу жылы жарқын жетістіктерге толы болсын!
https://www.facebook.com/share/v/1ERcXrumvi/?mibextid=wwXIfr
 
*1 мамыр- Қазақстан халықтарының бірлігі* күніне орай бастауыш сыныптар арасында » *Татулық туы астында»* атты би байқауы болып өтті.
*Байқаудың мақсаты:* бейбіт күнде ынтымақта,бірлікте,татулықта өмір сүріп жатқан ел бірлігін одан әрі жақсартып, ұлттар арасындағы ауызбірлікті арттыруға тәрбиелеу. Жас ұрпақтың санасына ұлттық құндылығымызды сақтай отырып өзге ұлт өкілдеріне деген достығын нығайту.
Байқау қатысушылары түрлі ұлт өкілдерінің биін билеп, ұлттық киім үлгісімен өнерлерін паш етті.
Байқауға 1-4 оқушылар қатысып , жоғары деңгейде өнер көрсетті. Барлық сынып жүлделі орындармен марапатталды.
https://www.facebook.com/story.php?story_fbid=1379651970124206&id=100042382479077&mibextid=wwXIfr&rdid=3xhhPiJGV9yUS9UG#
Халықаралық әйелдер күні — әр жылы 8 наурызда тойланатын мейрам. Тарихта әйелдердің теңқұқықтық пен эмансипация жолындағы күресіндегі ынтымақтастық күні ретінде пайда болды. 1975 жыл — Халықаралық әйелдер жылы боп аталғаннан кейін, сол жылдан бастап БҰҰ ресми түрде 8 наурыз күнін Халықаралық әйелдер күні етіп бекітті. Қазақстанда демалыс күні боп табылады.
🏫Асқар Өтепбергенов атындағы жалпы білім беретін мектебінде мерекеге орай 9-сынып жетекшісі Қашқымбаева Талшынның ұйымдастыруымен ұстаздарымызбен оқушыларды қарсы алды және мектебіміздің оқушылары ұстаздарымызға арналған мерекелік кеш сыйлады.
#gani.beisembayev
#saltanat.temirgali
https://www.facebook.com/story.php?story_fbid=1336547011101369&id=100042382479077&mibextid=wwXIfr&rdid=9HUJNiTW1Z9MFRNs#

Фотогалерея