Жаңалықтар
«А.Өтепбергенов атындағы ЖББМ» КММ 2025жылы
30 қыркүйек күні «10 қазан-дүниежүзілік психикалық денсаулық сақтау күнінің» жоспарына сәйкес «Кімнен қандай ақыл-кеңес және көмек сұрауға болады»
тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларды өмірде кездесетін қиындықтар мен күйзеліс жағдайларында дұрыс шешім қабылдауға, көмек сұраудан қорықпауға және сенімді адамдармен ашық сөйлесуге үйрету болды.
Дөңгелек үстел барысында оқушылар пікір алмасып, ата-ана, ұстаз, сынып жетекші, мектеп психологі мен достардың қолдауының маңыздылығын талқылады.
Шара соңында қатысушылар бір-біріне жылы лебіздерін айтып, «Көмек сұрау – әлсіздік емес, даналық» деген ортақ ой түйді.
Әлеуметтік педагог: Амандықова Р
#маңғыстау10қазанпсихикалықденсаулықкүні
«А.Өтепбергенов атындағы ЖББМ» КММ 2025 жылы 6 қазан күні «10қазан дүниежүзілік психикалық денсаулық сақтау күніне» сәйкес 7–11 сынып оқушыларына арналған «Өзін-өзі бағалау және сенімділік» тақырыбындағы психологиялық тренинг өткізілді. Тренингтің мақсаты – оқушылардың өзіне деген сенімін арттыру, жақсы қасиеттерін тануға және өзін-өзі бағалауға үйрету.
Іс-шара барысында «Менің жақсы қасиеттерім», «Өз күшіме сенемін» жаттығулары орындалып, оқушылар өз бойындағы жағымды қасиеттерін анықтады. «Айнадағы мен» рефлексиясы арқылы әркім өз-өзіне сырттай қарап, өзін қалай қабылдайтынын түсінді.
Тренинг оқушыларға өз мүмкіндігін бағалауға, өзіне сенімді болуға және позитивті ой қалыптастыруға бағытталды.
Педагог психолог Бекарысова Д
#маңғыстау10қазанпсихикалықденсаулықкүні
«А.Өтепбергенов атындағы ЖББМ» КММ 2025 жылы 6 қазан күні «10 қазан-дүниежүзілік психикалық денсаулық сақтау күнінің» жоспарына сәйкес «Стресс және оны жеңу» тақырыбындағы психологиялық тренинг ұстаздарға арналған және кәсіби күйзелісті азайту, эмоционалдық тұрақтылықты арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Тренинг барысында ұстаздар стресс ұғымымен, оның себептері мен белгілерімен танысып, оны жеңудің тиімді әдістерін талқылады. «Менің стресс картам», «Тыныштық сәті», «Молекула әдісі» сияқты жаттығулар арқылы мұғалімдер өз сезімін түсінуді, релаксация және өзін-өзі реттеу тәсілдерін меңгерді.
Ұстаздар психологиялық жеңілдік сезініп, күйзеліс жағдайында өзін ұстай білу мен ішкі тепе-теңдікті сақтаудың маңызын ұғынды. Тренинг ұжым ішіндегі өзара қолдау мен жағымды ахуалды нығайтты.
Педагог-Психолог:
Бекарысова Д
«А.Өтепбергенов атындағы ЖББМ» КММ 2025 жылы 1 қазае күні «10 қазан-дүниежүзілік психикалық денсаулық сақтау күнінің» жоспарына сәйкес «Эмоционалдық даму»
атты тренинг өткізілді.
Тренингтің мақсаты – оқушылардың өз эмоцияларын тану, басқару және дұрыс жеткізу дағдыларын қалыптастыру, өзара түсіністік пен позитивті қарым-қатынасты дамыту болды.
Іс-шара барысында қатысушылар түрлі психологиялық ойындар мен жаттығуларға қатысты: «Эмоцияны тап», «Көңіл күй палитрасы» сияқты жаттығулар арқылы өз сезімдерін еркін білдіруге мүмкіндік алды.
Тренинг соңында оқушылар эмоцияны дұрыс басқарудың маңызын түсініп, өз көңіл күйін реттеу тәсілдерін үйренді.
Педагог-Психолог:
Бекарысова Д
#Маңғыстау10қазанпсихикалықденсаулықкүні



